$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Ерлан Біләлдің ісі сотқа түсті

AstanaTV
17.01.2018ж. 20:00
2592
Ерлан Біләлдің ісі сотқа түсті

Алматы қалалық соты жақын күндері актер әрі Мұхтар Әуезов академиялық драма театрының директоры Ерлан Біләлдің ісін қарауды бастайды. Бүгін оның ісін тергеушілер сотқа тапсырған. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. Күдіктіге Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Танымал актер жаңа жылдың алғашқы күндері ірі көлемде пара алмақ болды деген айыппен істі болған еді. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері оны театрдың көрермен залын жалға беру үшін заңды тұлғалардың бірінен 1,5 млн теңге көлемінде пара талап етті деген күдікпен ұстады. Кейін кепілдікпен босатылған еді.


Абай Жарылқасын, Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің маманы:

Алматы қаласы Алмалы аудандық сотына 16 қаңтар күні ҚР ҚК-нің 24 бабы 3-ші бөлігі және 366 бабы 2 бөлігімен айыпталған Ерлан Біләлге қатысты қылмыстық іс түсті. Оның бостандықта жүруі үшін төлеген сомасының көлемі 1 млн 205 мың теңге.