$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тараз тұрғыны автобус жүргізушісін пышақтап тастады

AstanaTV
10.03.2026ж. 19:00
Тараз тұрғыны автобус жүргізушісін пышақтап тастады

Таразда қоғамдық көлік жүргізушісін пышақтап тастады. № 11 автобустың жүргізушісі  соңғы аялдамаға тоқтап, жолаушыларды түсіріп жатқан. Сол кезде 40 жастан асқан ер адам оған  көлікті әрі қарай жүргіз  деп дөрекі сөйлеп, қорқытыпты. Жағдай ушығып, жолаушы жүргізушіні пышақтап тастаған.  Кеуде тұсынан сұғылған суық қару жүрекке бір елі жетпей, зардап шегуші  аман қалды. Бірақ бауыры зақымдалған.

НҰРЖАН ӘБДІРАЙЫМОВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНА ЖАРАҚАТ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:

Бірінші хирургический оброботка жасалып, науқас үйіне жіберілген. Ары қарай емделу шаралары тұрақты жерінде өтетіндей жағдай түсіндіріп берілген.

Куәгерлер жолаушы масаң күйде болған деп отыр. Тәртіп сақшылары оны құрықтау кезінде қарсылық білдірген. Күдікті қамауға алынды, бірақ полицейлер келгенше пышағын жасырып үлгеріпті. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

БАЙЖАН БАЙГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 293 бабы, 3 бөлігі мен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Күдікті ізін суытпай ұсталып уақытша ұстау изаляторына қамаққа алынды.