$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда адам ұрламақ болғандар ұсталды

10.03.2026ж. 19:00
Оралда адам ұрламақ болғандар ұсталды

Оралда адам ұрламақ болғандар ұсталды. Күдіктілер  қорғансыз жігітті өлімші қып сабап, көлікке тиеп әкетпек болған көрінеді. Оны қалалық прокуратураның прокуроры кездейсоқ байқап қалыпты. Дереу ара түсіп, полиция шақыртады. Күдіктілер қашып кетуге тырысқанымен,  көп ұзамай  ұсталды. Тіпті тінту барысында олардың бірінен есірткі табылған. Адам ұрлау, бопсалау және есірткі сақтағаны үшін айыпталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды. 

ЖАНДОС ҚУАНЫШБЕКОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ БӨЛІМ ПРОКУРОРЫ:

Айқайлап жатты, көмек сұрап жатты сол жерде. Өзге де адамдар болды. Қызметтік куәлігім болды, азаматтарға таныстырдым. Сол кезде олар маған келіп: мына жерде қатысыңыз не? Өз шаруаңызбен жүре бермейсіз бе?,- деген сұрақтар қойды. Көмек сұрап жатқасын, көріп өтіп кете алмадым. Себебі ол - әр азаматтың құқығы, борышы.