$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Павлодарда 1 жасар бала шруп жұтып қойған

10.03.2026ж. 19:00
Павлодарда 1 жасар бала шруп жұтып қойған

Павлодарда 1 жасар бала шруп жұтып қойған. Ойнап жүрген бала жерден тапқан бұрандалы шегені аузына салып жіберіпті. Ата-анасы бірден ауруханаға жеткізген. Абырой болғанда, дәрігерлер дереу көмек көрсетіп, эндоскопиялық әдіспен  баланың асқазанынан бұрандалы шегені алып шықты. Қазір баланың жағдайы жақсы. Есін жиып, үйіне шығуға дайындалып жатыр.  Іштен шыққан бұрандалы шегенің ұзындығы 3 см құрайды. Дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында баланың асқазанына, өңешіне, ішекке ешқандай зақым келмеген. Бейнежазбадағы түрлі ұсақ түйек заттар мен майда теңгені дәрігерлер балалардың асқазанынан алып шыққан. Оны ақ халаттылар коллекция ретінде жинап қойыпты.

АЛЕКСАНДР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ХИРУРГ ДӘРІГЕРІ:

Біздің тәжірбиемізде бұндай жағдайлар жиі кездеседі. Айына 10-15 бала түрлі заттарды жұтып қойып, көмекке жүгінеді. Ең қауіпті заттар дөңгелек пішінді батерейкалар мен магниттер. Оларды іштен алып шығу өте қиын. Егер тыныс жолдарын жауып қалса, бала тұншығып өліп кетуі де мүмкін. Сондықтан ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұраймыз.