$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге қайта пайдалануы мүмкін

Зейнетақы жинағын стоматологиялық қызметтерге қайта пайдалануы мүмкін

Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін стоматологиялық қызметтерге пайдалану мүмкіндігі қайта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Отбасы банк» басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді. Қазір бұл процесті толығымен цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Оның сөзінше, кейбір азаматтардың қаражатты мақсатсыз пайдалануы салдарынан бұл мүмкіндік уақытша шектелген еді.

ЛӘЗЗАТ ИБРАГИМОВА, «ОТБАСЫ БАНКІ» БАСҚАРМА ТӨРАЙЫМЫ:

Қаражатты мақсатсыз пайдаланған 10 пайыз адамның кесірінен 90 пайыз азамат бұл мүмкіндіктен айырылды. Бұл әділетсіз деп ойлаймын.