Таяу Шығыстағы саяси жағдайдың күрделенуіне байланысты 10 мемлекеттегі 11 дауыс беру учаскесі жұмысын тоқтатты. Соған қарамастан, Қазақстан азаматтары шетелде дауыс беру мүмкіндігін сақтап отыр. Қазіргі таңда Қазақстанның шетелдегі елшіліктері мен консулдықтары жанынан 54 елде орналасқан 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Шетелде тұратын немесе уақытша жүрген 14 мыңнан астам қазақстандық референдумға қатыса алады. Саяси науқанның ашық өтуін халықаралық бақылаушылар да қадағалайды. Жалпы 359 байқаушы жұмыс істейді. Оның ішінде 11 халықаралық ұйымның өкілдері және 38 елден келген 166 шетелдік байқаушы бар. Ал референдум барысын 31 елден келген 68 БАҚ өкілдері ақпараттандырады.
ЕРЛАН ӘЛІМБАЕВ, ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:
Қазіргі таңда шетелдегі референдум комиссияларының барлық мүшелері, жалпы комиссия құрылды. Барлық мүшелері Республикалық референдум туралы Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының және мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен қажеттіліктерін білу деңгейі бойынша арнайы тестілеуден өтті. Сертификаттар ұсынылды.