$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"32 қалада қоғамдық бақылау күшейтілді",- сарапшы

"32 қалада қоғамдық бақылау күшейтілді",- сарапшы

Республикалық референдумға бақылаушыларды дайындау жұмысы қызу жүріп жатыр. Қазірдің өзінде бірқатар ұйымдар мониторинг жүргізу үшін арнайы аккредитациядан өтті. Солардың бірі - «Ел дауысы» қоғамдық қоры. Ұйым жетекшілерінің айтуынша, бүгінгі күні 2 мыңнан астам адам арнайы оқудан өткен.

ГАМАЛ ТҮЗЕЛБАЕВ, "ЕЛ ДАУЫСЫ" ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ:

Биыл тек қана ірі қалалар емес, басқа да кіші қалалар да, жалпы саны 32 қалада бақылау ұйымдастыруға жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл қоғамдық қор - 2020 жылдан бері жұмыс істеп келе жатыр. Содан бері президенттік сайлауларда, депутаттық сайлауларда, басқа да референдумдарда байқаулар ұйымдастырдық.