10 наурыз күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.
Шектеу Абай және Жетісу облыстары аумағындағы бірнеше жол учаскесіне қатысты.
Абай облысында:
Жетісу облысында:
Сонымен қатар, Алматы облысыаумағында сағат 21:30-дан бастап келесі жол учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды:
«Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп) – Жалаңаш – Саты – Құрметті (Көлсай көліне кіреберіс жолымен)» автожолының 0–89 шақырымы (автожолға бұрылыс – Көлсай көлі);
«Көкпек – Кеген – Қырғыз Республикасының шекарасы (Түп)» автожолының 0-72 шақырымы (Көкпек ауылы – Кеген ауылы).
Батыс Қазақстан облысында:
Батыс Қазақстан облысыаумағында республикалық маңызы бар «Орал – Тасқала – РФ шекарасы» автожолының 4-104 шақырым аралығында (Оралқаласынан Ресей шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.
Алдын ала мәлімет бойынша, аталған жол учаскелерінде қозғалысты 2026 жылғы 11 наурыз сағат 08:00-де және 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.
Жол қызметтері жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, алыс жолға шықпауды және қауіпсіздік талаптарын сақтауды ескертеді.