Атыраулық археологтар ортағасырлық Сарайшық кешенінің 5 қалашығында 250-ге жуық жәдігер тапты. Сондай-ақ XIV ғасырдың алғашқы кезеңіне жататын үйлер, цитадель және керуен-сарай бөліктері анықталды.
Табылған жәдігерлер – металдан, шыныдан, сүйектен жасалған тұрмыстық және сәндік бұйымдар мен қыш ыдыстар. Ерекше жәдігер ретінде Алтын Орда қалашықтарында бұрын-соңды кездеспеген қоладан жасалған құлыпты атауға болады.