$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Жетісуда құтқарушы қаза тапты

11.03.2026ж. 12:18
Жетісуда құтқарушы қаза тапты
Фото: ТЖМ

Жетісу облысының Панфилов ауданында Алтынкөл көлінде жүргізілген құтқару операциясы кезінде өңірлік төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері қаза тапты.

2026 жылдың 7 наурызында қызмет пультіне Атамекен ауылдық округіндегі Алтынкөл көлінде балық аулау кезінде мұз жарылғаны туралы хабар түскен. Нәтижесінде бір ер адам сынып, бөлінген мұзда қалып, су қоймасының ортасына ағып кеткен.

– Оқиға орнына Жаркент қаласының № 11 өрт бөлімі қызметкерлері, Талдықорған қаласының жедел-құтқару жасағы, сондай-ақ ҚР ТЖМ мен Алматы облысы ТЖД «Барыс» республикалық құтқару қызметінің құтқарушылары жіберілген, — деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.

Алайда құтқару операциясы кезінде мұз тағы да жарылып, қайғылы жағдай болған. Салдарынан Панфилов ауданы ТЖ бөлімінің № 11 өрт бөлімі қарауыл бастығы, азаматтық қорғау майоры Дамир Таранов қаза тапты. Ол оқиға орнында болып, құтқару жұмыстарына қатысқан.