"Қарағанды–Жезқазған" тасжолы 1965 жылы салынған. Содан бері еліміздің оңтүстігі мен солтүстігін қосатын күре жол күрделі жөндеу көрмеген.
Жалпы ұзындығы – 513 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағында. Қос өңірді жалғаған күрежол 2029 жылы түйісіп, құрылыс толық аяқталады деп жоспарланған.