Күнтізбеде көктем болғанына қарамастан, қыс өз орнын оңайлықпен босатар емес. Әсіресе қыс ызғары солтүстік және шығыс өңірлердің тұрғындарына қатты сезілді. Қар мен бораннан кейін бұл аймақтар ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкелген суық антициклонның ықпалында қалды. Дегенмен, енді күн жылына бастайды.
“12 наурыздан бастап Қазақстанның бүкіл аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі деп күтілуде. Солтүстік өңірлерде оң температура байқала бастайды. Ал оңтүстік өңірлерде 14 наурызға қарай термометр бағандары +5…+10°С көрсетеді”, - деп хабарлады "Қазгидромет".