$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Батпаққа батқан автокөліктерге құтқарушылар көмек көрсетті

11.03.2026ж. 18:47
Батпаққа батқан автокөліктерге құтқарушылар көмек көрсетті

Жамбыл облысында Ақсу ауылынан 25 шақырым қашықтықтағы ауылішілік жолда бірнеше автокөлік батпаққа батып, өздігінен қозғала алмай қалған. Оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері жедел түрде жетті.

Құтқарушылар батпаққа батып қалған 3 жеңіл автокөлікті  сүйреп шығарып, көліктердегі 7 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Зардап шеккендер жоқ, медициналық көмек қажет болған жоқ.

Жұмыс аяқталғаннан кейін құтқарушылар автокөліктерді асфальтталған автожолға дейін шығарып салып, жолдарын қауіпсіз жалғастыруына жағдай жасады.