$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Щучинсктегі өрттің себебін анықтауға жарты жыл уақыт керек", - вице-министр

"Щучинсктегі өрттің себебін анықтауға жарты жыл уақыт керек", - вице-министр

11 адамның өмірін жалмаған Щучинсктегі өрттің тергеуі жарты жылдан кейін анықталуы мүмкін. Бұл туралы Сенаттағы брифингте Төтенше жағдайлар вице-министрі мәлімдеді. Кеген Тұрсынбаевтың айтуынша, қайғылы жағдайға байланысты мемлекеттік комиссия құрылған. Естеріңізге сала кетсек, демалыс орнындағы дәмханада алдын ала мәлімет бойынша газ баллоны жарылып, алғашында 9 адам ажал құшты. Кейін қаза болғандардың саны 11- адамға дейін ұлғайған еді. Ал, Көкшетау қалалық мамандандырылған сот кафе иесін қамауға алу туралы шешім шығарды.

КЕГЕН ТҰРСЫНБАЕВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазіргі кезде Премьер-министрдің тапсырмасымен мемлекеттік комиссия құрылған. Премьер-министрдің орынбасары ол комиссияны басқарады. Бұл жағдай бойынша іс қозғалған, өтетін экспертизалар өтіп жатыр. Нақты экспертизалардың шешімі қабылданған соң, жарылыстың себебін жариялаймыз. Жауабын күту керек, бірнеше экпертиза 3 айдан жарты жылға дейін уақыт алады.