$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Қазақстанға «қышқылды жаңбырдың» қаупі жоқ", - министрі

"Қазақстанға «қышқылды жаңбырдың» қаупі жоқ", - министрі

Қазақстанға «қышқылды жаңбырдың» қаупі жоқ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Оның айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған Ираннан Орталық Азия елдеріне «қышқылды бұлттар» келеді деген ақпарат шындыққа жанаспайды. «Қазгидромет» мамандары да мұндай жағдай болуы мүмкін емес екенін айтып отыр. Себебі қышқылды жаңбыр күкірт диоксиді мен азот тотығы сияқты зиянды газдардан пайда болады. Әдетте бұл заттар белгілі бір аймақтағы өндіріс орындарынан шығады және өте алысқа тарала бермейді.

ЕРЛАН НЫСАНБАЕВ, ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:

«Қазгидромет» мәліметіне қарағанда, мұндай құбылыс болуы мүмкін емес. «Қышқылды жаңбыр» ол күкірт диоксиді мен азот тотығының таралуынан болады. Жалпы, оның бөлшектері алысқа тарала қоймайды. Сонымен қатар Өзбекстандағы әріптестеріміз де растағандай, «қышқылды жауынның» Орталық Азияда таралуы қаупі жоқ.