$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Парсы шығанағындағы жағдай Қазақстанда тауар тапшылығын тудырмайды

Парсы шығанағындағы жағдай Қазақстанда тауар тапшылығын тудырмайды

Парсы шығанағындағы жағдай Қазақстанда тауар тапшылығын тудырмайды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің өкілдері мәлімдеді. Вице-министр Айдар Әбілдабековтің айтуынша, Парсы шығанағы елдерімен жалпы тауар айналымы 1 пайызға да жетпейді. Ал Иранмен сауда көлемі шамамен 430 миллион доллар. Соның жартысы - Қазақстанның экспорты. Көбіне арпа мен бидай. Қазақстанның бұл аймақтағы елдермен сауда айналымы өте аз болғандықтан, қазіргі жағдай ішкі нарыққа айтарлықтай әсер етпейді.

АЙДАР ӘБІЛДАБЕКОВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Тауар айналымы небәрі 0,022 пайызды құрайды. Ал Иранмен сауда көлемі шамамен 430 миллион доллар. Соның ішінде 240 миллион доллары – Қазақстанның экспорты. Қазіргі уақытта біз ешқандай қауіп көріп отырған жоқпыз. Бұл елдермен сауда көлемі өте төмен. Сондықтан тауар тапшылығы болады деп айтуға негіз жоқ.