$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Семейде көпір астынан мәйіт табылды

Семейде көпір астынан мәйіт табылды
Фото: istockphoto.com

Полицияға Ертіс өзеніндегі автожол көпірінің астында адам мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның себептері мен қаза тапқан әйелдің мұндай қадамға баруына не итермелегені анықталуда, - деп хабарлады Абай облысының ПД баспасөз қызметі.