$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтөбеде қоқыс жәшігінен бөлшектелген мәйіт табылды

AstanaTV
12.03.2026ж. 19:00
Ақтөбеде қоқыс жәшігінен бөлшектелген мәйіт табылды

Ақтөбедегі  аулалардың бірінде  қоқыс жәшігінен бөлшектелген ер адамның мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жасы 50-ден асқан. Оқиға болған аумақты полиция қызметкерлері қоршауға алды. Қазір бұл  ауыр қылмысқа қатысы бар күдіктіні анықтау және ұстау бойынша іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.  Қылмыстық іс қозғалған. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары кешені жүргізілуде.