$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырауда сарбаз қайтыс болды

Атырауда сарбаз қайтыс болды

Әскерде тағы да қайғылы оқиға. Атыраудағы Батыс өңірлік әскери қолбасшылығына қарасты 41/433 әскери бөлімінің сарбазы оқтан жараланған. Оқиға бүгін таңертең «Қарабатан» полигонында жауынгерлік даярлық кезінде  орын алған. Басынан жарақат алған сарбазға алғашқы көмек көрсетіліп, дереу облыстық ауруханаға жеткізіпті. Ақ халаттылар қажетті барлық реанимациялық ем-дом жасағанымен, сарбазды аман алып қалу мүмкін болмады. Бейресми дерек бойынша, 21 жастағы жігіт қатардағы сарбаз міндетін атқарған. Қазір оқиға бойынша тергеу басталды.