$541.34 €640.73 ₽6.53
×

18 шетелдік азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

AstanaTV
12.03.2026ж. 19:00
18 шетелдік азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған

18 шетелдік азамат шекараны заңсыз кесіп өтпек болған. Ақтөбе облысындағы «Жайсаң» автокөліктік шекаралық бақылау бөлімінде заңсыз көші-қон әрекеті әшкереленді.  Бұл Ресейге бағыт алған транзиттік жүк көлігін тексеру кезінде анықталды. Өзбекстан азаматы басқарған көліктің тіркемесіне шамамен 22 тонна керамогранит плитасы тиелген. Заңсыз мигранттар сол плиталардың арасына жасырынған көрінеді. Үшеуі-Өзбекстан, ал 15і- Тәжікстан азаматы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сонымен бірге жедел тергеу тобы Қазақстан аумағындағы делдалдар болуы мүмкін деген күдікпен тағы 5 азаматты ұстады. Бәрі де -өзбекстандық. Олар да шекара маңында қолға түсті. Қазір бұл бойынша да тергеу жүріп жатыр.