$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ақтауда тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен түзету орталығы жабылды

Ақтауда тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен түзету орталығы жабылды

Ақтауда тәрбиеленушілерге қатыгездік көрсеткен түзету орталығы жабылды. Дау әлеуметтік желідегі видеодан басталған. Кадрда жаттықтырушының еденде жатқан баланы теуіп жібергені анық көрінеді. Зардап шеккен баланың анасы бірден құқық қорғау органдарына арызданған. Кінәлілер заң алдында жауап бермек.

ҚР ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІНІҢ БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ КОМИТЕТІ:

Білім басқармасы мен өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл орталыққа барды. Қазіргі уақытта мекеме жабық. Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы ерекше балалардың ата-аналарымен байланыста отыр. Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта балалар үйлерінде, жағдайлары тұрақты