$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Мемлекеттік органдарға шетелдің тауарларын сатып алуға шектеу қойылады

AstanaTV
12.03.2026ж. 19:00
Мемлекеттік органдарға шетелдің тауарларын сатып алуға шектеу қойылады

Шенеуніктерге шетелдік брендтің ауылы алыстады. Мемлекеттік органдарға өзгелердің тауарын алуға шектеу қойылмақ. Өзгерістерге сәйкес, машина жасау, химия, металлургия, құрылыс және жиһаз өнеркәсібіне жататын бірқатар өнімдер Қазақстанда өндірілсе, мемлекеттік органдар оларды шетелден емес, отандық өндірушілерден сатып алуға міндетті болады. Ал шетелдік тауарды тек ел ішінде баламасы болмаған жағдайда ғана алуға рұқсат етіледі. Бұл шаралар ішкі нарықты қорғау, ұлттық экономиканы дамыту және отандық өндірісті қолдау мақсатында әзірленген. Айта кетейік, қазірдің өзінде мемлекеттік сатып алулар арқылы шетелдік жеңіл өнеркәсіп тауарларын сатып алуға шектеу қойылған. Олардың қатарына киім-кешек, мата, төсек-орын жабдықтары, арнайы жұмыс киімдері мен аяқ киім секілді өнімдер жатады.

ЕРБОЛАТ БОРАНБАЙ, ҚР ӨЖҚМ ЖЕҢІЛ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС САРАПШЫСЫ:

Мемлекеттік алып тастаулар бұған дейін де болған. 2022 жылдан бері іске асып жатқан шаралардың бірі болып табылады. Әр 2 жыл сайын осы шараны қолданып отырамыз. Бұл кезекті тізімге 2024-25 жылдары жаңадан қосылған кәсіпорындардың өнімдері осы мемлекеттік алып тастаулардың тізімінде қолданылатын болады.