$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Иран ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды

Иран ауыл шаруашылығы өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды

Иран үкіметі елден азық-түлік пен ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауға уақытша тыйым салды. Бұл шешім ішкі нарықта азық-түлік тапшылығын болдырмау және бағаның өсуін тежеу мақсатында қабылданған. Қазақстан Ираннан негізінен жеміс-жидек, кептірілген өнімдер мен жаңғақтар импорттайды. Экспортқа қойылған шектеу бұл өнімдердің жеткізілімін уақытша азайтып, бағаға белгілі бір деңгейде әсер етуі ықтимал. Алайда мамандар шектеу ұзаққа созылмаса, Қазақстан нарығында айтарлықтай тапшылық болмайды деп отыр.

АЛИ АКБАР ДЖОУКАР, ИРАН ИСЛАМ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ:

Логистикалық тұрғыда ешқандай кедергі жоқ. Өйткені теңіз арқылы, тас жол арқылы және темір жол арқылы байланыс бар қазіргі таңда. Бірақ Иран үкіметі ауылшаруашылық тауарларына әзірше тыйым салды.