$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Астанада тың жоба: жасанды интеллект мектеп бағдарламасына енгізілді

AstanaTV
12.03.2026ж. 19:00
Астанада тың жоба: жасанды интеллект мектеп бағдарламасына енгізілді

Елордадағы №8 мектеп-лицейінде заманауи STEAM және жасанды интеллект кабинеті ашылды. Бұл -жай ғана оқу сыныбы емес, болашақ инженерлер мен IT мамандарына арналған нағыз шығармашылық лаборатория. Жаңа орталықтың мүмкіндіктерін тілшіміз Үсен Астана көріп келді.

Мектеп табалдырығын аттағаннан-ақ инновацияның лебі сезіледі. Жаңа кабинет ең соңғы үлгідегі техникамен жабдықталған. Мұндағы құралдардың басты ерекшелігі олардың қолжетімділігінде. Егер бөлшектер жетіспесе, оқушылар оны сырттан іздеп әуре болмайды.

ГҮЛНҰР АЙТИМОВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Бұл басқа көптеген құралдарға қарағанда бұл жердегі наборлар кез келген біздің өзіміздің 3D принтер арқылы басып шығаруға қолайлы, міне егер де қандай да бір құрал жоғалып кеткен болса немес ол жетіспей жататын болса біз 3D принтер арқылы шығарып одан әрі қарай балалар өздерінің жобаларын жасауға көбірек мүмкіндік береді.

Жоба демекші, мектеп оқушылары қазірдің өзінде алғашқы нәтижелерін көрсетуде. Жасанды интеллект пен робототехниканы ұштастырған жеткіншектер күрделі кодтарды жазып, дербес роботтарды құрастырып жатыр. Солардың бірі -«Сәтті» деп аталатын робот.Оның авторы- осы мектептің оқушысы Айымжан.

АЙЫМЖАН ШЫНБОЛАТ, ОҚУШЫ:

Біз осы робототехника мен жасанды интеллектінің бірлескен әртүрлі робот программа және басқа да кодтар жасаумен айналысамыз, мен өзімнің алғашқы Ақнұр екеуміздің жасаған Сәтті роботын ойлап таптым және негізгі программалау тілі мен қазіргі таңдағы робототехника жасанды интеллект салаларындағы жаңа қарқынды түсініп келе жатырмын.

Бұл бастама - елордалық білім беру жүйесін цифрлық трансформациялаудың маңызды бөлігі. Енді оқушылар тек теориямен шектелмей, жасанды интеллектіні күнделікті өмірде қолдануды үйренеді.