$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Өскеменде «Газель» көлігінен бір тоннаға жуық спирт табылды

13.03.2026ж. 10:24
Өскеменде «Газель» көлігінен бір тоннаға жуық спирт табылды
Фото: gazeteoksijen.co

Өскемен қаласында полиция қызметкерлері рейд барысында жүк көлігін тоқтатып, оның жүк салғышынан ірі көлемдегі спирт құрамды сұйықтықты анықтады.

«Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында қала көшелерінің бірінде «Газель» маркалы автокөлігі тоқтатылған. Көліктің жүк салғышын тексеру кезінде полицейлер бірнеше ыдысқа құйылған, құрамында спирт болуы мүмкін сұйықтықты тапты

Тәркіленген жүктің жалпы көлемі шамамен 1000 литр болды.

- Қазіргі уақытта өнімнің шығу тегі мен оны тасымалдаудың заңдылығы анықталады. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінен.