$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Енді үкімет дәрігерлердің жұмыс сапасын жасанды интеллект арқылы тексереді

13.03.2026ж. 10:46
Енді үкімет дәрігерлердің жұмыс сапасын жасанды интеллект арқылы тексереді
Фото: freepik.com

Үкімет Мемлекет басшысының «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасында медициналық көмектің сапасын басқаруды жетілдіру жөніндегі 2026–2030 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті.

Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды

«Бұл жоспарға сай, 2028 жылға дейін медициналық көмек көрсету стандарттары мен ережелерін толығымен цифрландыру және 2027 жылы сапа сараптамасының үш компонентті моделін енгізу жоспарланып отыр. 2028 жылға қарай медициналық көмектің кемінде 20% сапасын жасанды интеллект тексереді», - деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Осы арқылы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлап отырғандай, 2030 жылға қарай медициналық қызметтер сапасының негізгі көрсеткіштерін жақсарту көзделіп отыр.