$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Варшавада жоғалған Қазақстан азаматының мәйіті табылды

AstanaTV
13.03.2026ж. 19:00
Варшавада жоғалған Қазақстан азаматының мәйіті табылды

Польшада жұмбақ жағдайда жоғалған қазақстандық Екатерина Шилова өлі күйінде табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол кісі қолынан қаза тапқан. Марқұмның әпкесі күдікті ұсталғанын айтты. Қазір Екатерина Шилованың туыстары оның денесін елге жеткізіп, жерлеу үшін қаражат жинап жатыр. Айта кетейік, 43 жастағы қазақстандық әйел шетелде жұмыс істеп жүрген. Ол ақпан айының соңында туыстарымен байланысын үзген. Жоғалған күні Варшавадан Астанаға ұшуы тиіс болған, алайда рейске отырмапты. Кейін әпкесіне ұшудан бас тартқанын және Германиядан жақсы жұмыс тапқанын жазған. Бірақ хабарлама туыстарының көңіліне күмән ұялатқан, осыдан кейін Екатеринамен байланыс толық үзіліпті.

ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ:

Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз. Қазақстан Республикасының Польшадағы елшілігі марқұмның жақындарымен, сондай-ақ Польша тарапының құзыретті органдарымен байланыста. Елшілік барлық консулдық-құқықтық мәселелер бойынша, соның ішінде мәйітті отанына қайтару (репатриация) ісіне қажетті көмек көрсетіп жатыр. Бұл мәселе министрліктің бақылауында.