$541.34 €640.73 ₽6.53
×

БҚО-да 16-дағы қызды зорлады деген күдікпен 68 жастағы шенеунік қамалды

13.03.2026ж. 19:00
БҚО-да 16-дағы қызды зорлады деген күдікпен 68 жастағы шенеунік қамалды

Батыс Қазақстан облысында 16-дағы қызды зорлады деген күдікпен 68 жастағы шенеунік қамауға алынды. Қазір полиция қылмыстық істі қайта тергеп жатыр. Бұған жәбірленушінің әкесі айтқан қосымша деректер түрткі болыпты. Оның айтуынша, шенеунік кәмелет жасқа толмаған қызды алдап үйіне шақырған. Содан кейін зорлық көрсеткен көрінеді. Шендінің шектен шыққан арсыз әрекеті қоғамда шу тудырып, дауға Ішкі істер министрлігі араласты. Осылайша тергеу амалдары қайта жанданды.  

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Қазір бұл іс облыстық полиция департаменті басшылығы мен прокуратураның ерекше бақылауында. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.