$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда ағалы-інілі жігіттердің үйінен қару-жарақ табылды

13.03.2026ж. 19:00
Оралда ағалы-інілі жігіттердің үйінен қару-жарақ табылды

Оралда қару-жарақты заңсыз сақтаған ағайынды жігіттер ұсталды. Полиция олардың көлігі мен үйінен табылған қаруды тәркіледі. Күдіктілердің бірінің көлігінен екі оқтаулы тапанша, сондай-ақ 200-ден астам патрон табылған. Ағасынан қалыспаған бауыры да үйінде оқ-дәріні заңсыз сақтаған көрінеді. Жедел іздестіру шарасы кезінде тағы бір азаматтан шолақ мылтық тәркіленді. Полиция бұл қару атуға жарамды деп отыр. Қазір олардың үстінен іс қозғалды. Өйткені заңсыз қару сақтағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

НҰРЖАН ҚУАНҒАЛИ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.