Халықаралық іздеудегі күдікті Ақмола облысында қолға түсті. Полицейлер оны Аршалы ауданының аумағында ұстаған. Күдіктіні ресейлік құқық қорғау органдары 2024 жылдың қазан айынан бері іздестіріп келген. Алайда ол тергеуден бой тасалап, Қазақстан аумағына келген. Қазір аталған факт бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.