Бүгін - республикалық референдум алдындағы үгіт-насихаттың соңғы күні. Түнгі сағат 12-ден бастап елде «тыныштық күні» басталады. Кез келген үгіт жүргізуге заңмен тыйым салынады. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы хабарлады. Комиссия мәліметінше, республикалық референдумды өткізуге дайындық жұмыстары толық аяқталған. Ел бойынша комиссия мүшелерін оқыту үшін 5 800-ден астам семинар ұйымдастырылып, оған 71 мыңнан астам адам қатысты. Сондай-ақ дауыс беру барысын бақылау үшін 256 қоғамдық ұйым аккредиттелді. Олар референдум учаскелерінде байқау жүргізе алады. Референдум күні дауыс беру барысы туралы ақпарат әр екі сағат сайын тікелей эфирде жарияланады.
НҰРЛАН ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Дайындық жұмыстары аясында назар аударылған маңызды бағыттардың бірі мүгедектігі бар азаматтардың референдумға қатысуы сол үшін қол жетімді жағдайларды қамтамасыз ету мәселесі болды. Барлық дауыс беру учаскелерінде конституция жобасының мәтінін аудио сүйемелдеумен орналастыру қамтамасыз етілді. Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтар үшін брайн қарпімен әзірленген трафареттер дайындалды. Сондай-ақ бюллетендерді толтыру бойынша арнайы аудио нұсқаулықтар қарастырылды.