$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Тәуелсіз бақылаушылар референдум күні онлайн мониторинг жүргізеді

AstanaTV
13.03.2026ж. 19:00
Тәуелсіз бақылаушылар референдум күні онлайн мониторинг жүргізеді

Тәуелсіз бақылаушылар республикалық референдумға онлайн мониторинг жүргізеді. Бұл туралы Алматыда өткен ақпараттық штабтың брифингінде айтылды. Дауыс беру күні референдум учаскелері бақылаушылармен тікелей байланысқа қосылып, науқанның «тірі картасы» көрсетілмек. Айта кетсек, тәуелсіз сарапшылардың қатарына қоғам белсенділері, заңгерлер, оқытушылар мен студенттер бар. Штаб мәліметінше, олардың көпшілігі үшін бақылаушы болу -алғашқы тәжірибе.

НҰРЖАН МҰХАМЕДЖАНОВА, МЕДИА МЕНЕДЖЕР:

Біздің қоғамдық коммуникациялар орталығы осы 15 наурыз күні белсенді түрде индепент кз деп аталатын ақпараттық порталда барлық осы аймақтардың басын біріктіретін тікелей эфирді ұйымдастырайық деп жоспарлап отырмыз. Осы тікелей эфирге біздің еліміздегі 3 мегаполис Алматы, Астана, Шымкент және оннан астам аймақтан бүгінгі күнге бәрі белгілі біздің тәуелсіз жанағы бұқаралық ақпарат құралдарының тарапынан әріптестеріміз сол тәуелсіз байқаушы  ретінде тіркеліп сол реферндумдың өту барысын қадағалайды.