Қызылжарда ер адам өзін-өзі бауыздап өлтірді. Оқиға Заводской көшесіндегі жатақханалардың бірінде болған. Масайып алған 37 жастағы азамат есік алдына шығып, мойынындағы орталық қан тамырын кеңсе пышағымен кескен. Жерде жатқан ер адамды көршілері байқап, бірден жедел жәрдем шақыртқан. Алайда, ақхалаттылар келіп жеткенше дейін жігіт көп қан жоғалтып, оқиға орнында бақилық болды. Қазір полицейлер іс қозғап, тергеу амалдарын қолға алды. Белгілі болғандай, марқұм отбасын құрмаған, ешбір жерде жұмыс істемеген көрінеді.