$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Бүгін ауа райы қандай болады?

14.03.2026ж. 09:33
Бүгін ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Ақмола облысында түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, көктайғақ күтіледі. Облыстың батысы, солтүстік және оңтүстігінде тұман болады, ал солтүстік пен шығыс аймағында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Абай облысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Облыс орталығында оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с болады.

Қостанай облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігіне тұман түседі. 

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде де тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде тұман мен көктайғақ күтіледі.

Ұлытау облысының солтүстігі, оңтүстігі және орталығында тұман мен көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігіне тұман түседі. 

Жетісу облысының таулы аймақтарында тұман болады. Алакөл маңында солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (қар, жаңбыр) және көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі және шығысында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз орталық бөлігінде шығыстан соғатын жел болады, облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында аздаған қар жауады, көктайғақ болады. Облыстың батысы, солтүстігі және оңтүстігінде тұман болады. Бұл аймақтарда оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Алматы облысының оңтүстігінде, тау бөктері мен таулы аймақтарында кей жерлерде тұман болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстікте солтүстік-шығысқа ауысып, таулы аймақтарда екпіні 18 м/с жетеді.