Маңғыстаулықтар Амал мерекесін жылдағыдай қара таудың ең биік шоқысы - Отпан таудың басында атап өтіп жатыр. Жиналғандар бірлік пен ынтымақтың символы болған «Бірлік отын» жақты.
Наурыз мейрамының басы - Амал мерекесіне арнайы алыстан меймандар келген.
Көрісу күні - Наурыз мейрамының басы. Бұл күнді Амал мерекесі деп те айтады. Халық қыстан аман-есен шығып, көктемге аяқ басқанына қуанып, ағайын-туыс, көрші-қолаңмен жүздесуге асығады. Қол алысып, төс қағысады.