$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Таяу Шығыстан ел азаматтарын эвакуациялау аяқталды

15.03.2026ж. 01:23
Таяу Шығыстан ел азаматтарын эвакуациялау аяқталды
Фото: pixabay

Қазақстан Таяу Шығыс елдерінен өз азаматтарын эвакуациялауды аяқтады.

Жалпы алғанда, 10 мың 275 отандасымыз аман-есен елге оралды. Олардың бір бөлігі шекаралар арқылы көлікпен, ал кейбірі ұшақпен жеткізілген.

Дипломатиялық өкілдіктер құзырлы органдармен үйлесімді жұмыс істеп, отандастарымызға қажетті көмек көрсетті.

Сыртқы Істер министрлігі қазақстандықтардың елге қауіпсіз оралуын қамтамасыз етуге қолдау жасаған мемлекеттік органдар мен шетелдік серіктестерге алғыс білдірді.