$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Отандастарымыз әлемнің 54 елінде дауыс бере алады

AstanaTV
15.03.2026ж. 08:00
Отандастарымыз әлемнің 54 елінде дауыс бере алады

Референдумға шетелде жүрген отандастарымыз да қатысып жатыр. Таяу Шығыстағы саяси жағдайдың күрделенуіне байланысты 10 мемлекеттегі 11 дауыс беру учаскесі жұмысын тоқтатты. Десе де, өзге мемлекеттердегі қазақстандықтар өз таңдауын жасай алады. 54 елде 71 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Шетелде тұратын немесе уақытша жүрген 14 мыңнан астам қазақстандық референдумға қатыса алады. Уақыт айырмашылығына байланысты шетелде сайлау учаскелері бірінші Жапония мен Оңтүстік Кореяда ашылды. Токио мен Сеул қаласындағы қазақстандықтар Астана уақытымен түнгі 03:00-де дауыс беруді бастап кетті. Ал ең соңғы дауыс беру учаскесі Америка Құрама Штаттарындағы Сан Франциско қаласында ашылады. Екі ел арасындағы уақыт белдеуінің айырмашылығы 12 сағат. Сәйкесінше, учаске Астана уақытымен кешкі сағат 19:00-де ғана жұмысын бастайды.