$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Атырау қаласында көршілер референдум учаскесіне бірге барып дауыс берді

Атырау қаласында көршілер референдум учаскесіне бірге барып  дауыс берді

Таңнан бері Атырау халқы да белсенді. Көрісу күнімен тұспа -тұс келген саяси науқанда қала іргесіндегі Еркінқала ауылы халқы өз таңдауларын жасауда. Үлкен кіші дауыс беру учаскесінде кездесіп қалып,  құшақтасып көрісіп те жатыр. Дауыс берушілерді әдемі музыка, бауырсақ пен наурыз көже күтіп тұрды. Әріптесім Базаргүл Нәдірқызы қазір бізбен тікелей байланысқа шығады, Базаргүл, сіз эфирдесіз.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Иә, студия, мен қазір Атырау қаласының іргесіндегі Еркінқала ауылында орналасқан №20 дауыс беру учаскесінде тұрмын.  Ауыл халқы таңнан бастап келіп жатыр. Мұнда  2773 дауыс беруші бар. Оның 25-і - жас.

Еркінқала ауылының жұмысқа асыққан халқы дауыс беру учаскесінің ашылуын ертерек келіп күтіп тұрды.  Бұл ел болашағы үшін жасалып жатқан таңдау, әрбір адамның дауысы маңызды,- дейді олар.

КЕНДЕБАЙ ҚАЛИЕВ, ЕРКІНҚАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Өзім темір жолда жасаймын. Жұмыс 8де басталатын болғасын дауыс беруге келдім. Болашақ Қазақстан, болашағымыз үшін.

Ал Атамұра көшесі тұрғындары үлкен-кішісі болып дауыс беру учаскесіне бірге барды. Әзілдері мен сыйластығы жарасқан ату көршілер өз таңдауларын жасады. Ауыл халқының белсенділігі жоғары,- дейді №20 референдум учаскесінің төрағасы.

БОЛАТ ҚИСМЕТОВ, №20 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Ауылдық жер болғасын жерде ауыл тұрғындарының белсенділігі өте жақсы. Қай-қай сайлау болса да біздің тұрғындарымыз өте ерте келеді. Жақсы белсенділік танытады. Үйден дауыс беретін 23 адамымыз бар. Оның ішінде жағдайы нашар адамдар бар, мүгедек адамдар да бар. Барлығын қосқанда сол 23 адам дауыс береді деп отырмыз үйден. Денсаулығына байланысты.

БАЗАРГҮЛ НӘДІРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Жалпы Атырау облысы бойынша 276 дауыс беру учаскесі бар. 416 мыңнан астам азамат дауыс беру құқығына ие.  Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі 4699 азамат бар.  Оларға учаскелерде  қажетті жағдайлар жасалған. 137 инватакси, 27 сурдоаудармашы дайын. Байқау жұмысын жүргізу үшін 17 өңірлік қоғамдық бірлестік пен ұйым аккредиттеуден өткен. Әзірге мендегі ақпарат осы.