Қайырлы күн! Тікелей эфирде «РЕФЕРЕНДУМ ЛАЙФ» арнайы шығарылымы. Эфирде-Бекболат Сатуов.
Бүгін –маңызды күн. Елімізде Жаңа Конституция жобасын қабылдау жөнінде республикалық референдум өтуде.
Республикалық референдум бюллетенінде бір ғана сауал бар. «Жобасы БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНДА 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» Дауыс беруші жауаптың екі нұсқасының бірін таңдайды:– «Иә, қабылдаймын» немесе, «Жоқ, қабылдамаймын».
Сондай-ақ бүгін эксзитпол сауалнама жүргізіп жатқанын айта кету керек. Интервьюерлер зерттеу аясында 200 учаскіні қамтымақ. Жалпы, кемінде 24 мың дауыс берушіден пікір алу көзделіп отыр. Экзитпол қорытындысы түнгі сағат 12:00-де арнамыздан тікелей эфирде жарияланады.