Дауыс берудің басталғанына 6 сағат болды. Орталық референдум комиссиясындағы тілшіміз тікелей эфирде соңғы ақпараттармен бөліседі. Аружан, халықтың дауыс беру көрсеткіші қандай? Қай өңір көш бастайды?
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Бекболат, рақмет! Орталық референдум комиссиясы әр екі сағат сайын ақпарат таратып жатыр. Сағат 12-дегі статистика бойынша халықтың 37 проценті дауыс берген. Бұл - 4 миллион, 677 мыңнан аса азамат. Әсіресе, Ақтөбе облысының тұрғындары белсенді. Ал онан кейінгі орында Ақмола өңірі тұр. Сондай-ақ, Түркістан және Жетісу тұрғындары дауыс беруге асығуда. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі хабарлады. Тыңдайық.
ӘСЕЛ ЖАНӘБІЛОВА, ҚР ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Алматы облысы 40,41 %
Атырау облысы 42,29 %
Батыс Қазақстан облысы 36,59 %
Жамбыл облысы 35,86 %
АРУЖАН ЗАДАБЕК, ТІЛШІ:
Қазір сәлден соң 14:00-дегі мәліметтер жария етіледі. Брифинг басталады. Ол туралы келесі шығарылымда кейінірек айтамын. Бекболат, сөз сізде.