$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қарағандыда Exit Poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

15.03.2026ж. 13:00
Қарағандыда Exit Poll өкілдері сауалнама жүргізіп жатыр

Қарағанды облысында 757 мыңнан астам тұрғын дауыс беру құқығына ие. Аймақта 640 тан астам учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру барысын бақылаушылар қадағалап отыр. Сондай- ақ exit poll өкілдері сауалнама жүргізуде.  Интервьюерлер саяси науқан алдында арнайы дайындықтан өткен. 

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

Қоғамдық саясат институтының интервьюерлері референдум учаскелерінің сыртында азаматтардан дауыс беру аяқталғанша, яғни кешкі сағат 20.00- ге дейін сауалнама жүргізеді.  Сауалнама ерікті түрде болады. Ал дауыс берушілерден алынған мәліметтер жария етілмейді.

Луиза Лагутина таңғы 7-ден бастап сауалнама жүргізуде. Азаматтардың қалай дауыс бергені жайлы мәліметтер арнайы қосымшада немесе қағаз парақшаларда тіркеліп, қоғамдық саясат институтына жіберіледі. Жиналған ақпараттарды социологтар сараптайды. Осылайша Exit poll өкілдерінің жұмысы дауыс беруге келу үрдісі мен дауыс беру нәтижесін болжауға көмектеседі.

ЛУИЗА ЛАГУТИНА, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:

Адамдар жақсы көңіл- күймен келіп жатыр, белсенді. Жас ерекшеліктеріне қарамастан сауалнамаға қатысуда. Біз жеке бас деректерін сұрамаймыз, тек қалай дауыс берді соны ғана сұраймыз, толығымен анонимді түрде өтеді. Учаскеге кірмейміз, күні бойы сыртта тұрып осылайша 120 адамнан сауал аламыз. Exit poll жұмысы - үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс.

Әлеуметтік сауалнаманың қоғамдық пікірді анықтауда маңызы зор. Әсіресе орта жастан асқан азаматтар оған ерекше мән береді. Жалпы  аймақта барлығы 640 тан астам учаске жұмыс істеп тұр.

САРҚЫТ АЙКЕЕВ, №84 УЧАСКЕЛІК РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Көзі көрмейтін адамдар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Шрифт Брайл арқылы қабылданады және үйден келе алмайтын адамдарға жылжымалы урна ұйымдастырылған.

АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:

757 мыңнан астам қарағандылық дауыс беру құқына ие. Ауруханалар мен әскери бөлімдер, тергеу изоляторлары мен қарттар үйлеріндегі азаматтардың да таңдау жасау мүмкіндігі бар.