$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Оралда дауыс берушілерді роботтар күтіп алды

15.03.2026ж. 13:00
Оралда дауыс берушілерді роботтар күтіп алды

Оралда референдумға келгендерді роботтар қарсы алуда.  Олар тұрғындарды Наурыз мерекесімен құттықтап, азаматтық белсенділігі үшін алғыс білдірді.

Таңертең дауыс беруге асыққан оралдықтар өздерін роботтардың қарсы алғанына таңғалды. Тәнті қылған трансформерлерді жергілікті ақпараттық технологиялар институтының студенттері құрастырған. Роботтарды тұрғындардың алдына шығарып, биылғы жасанды зерде жылына ел назарын аударғымыз келді, дейді оқу орнының өкілдері. Өйткені болашақ - тың технологияның қолында.

АЛЬМИРА ТҰРҒАЛИЕВА, УНИВЕРСИТЕТТІҢ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ МЕҢГЕРУШІСІ:

Біздің жас ғалымдарымыз, студенттеріміз Жасанды интеллект және цифрландыру жылы аясында осы роботтарды жасақтап, оған өздерінің бағдарламалау тілдерін енгізіп,  біздің роботтарымыз қарсы алуда.