$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Түске қарай учаскеге келушілердің қарасы көбейген

Түске қарай учаскеге келушілердің қарасы көбейген

Елімізде дауыс беру жалғасып жатыр. Қазір елордадағы дауыс беру учаскелерінің бірінен әріптесім Ақбота Базарбай тікелей байланысқа шығады. Бота, халықтың белсенділігі қалай? 

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Рақмет, Бекболат!

Қазір біз Астанадағы референдум учаскелерінің бірінде тұрмыз. Бұл учаскеде 1 458 адам дауыс беруге құқылы. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары. Әсіресе, түске қарай учаскеге келушілердің қарасы көбейген.   Комиссия мүшелері мен бақылаушылар дауыс беру процесінің заң талаптарына сай өтуін қадағалап отыр. Менің қасымда  нөмірі 341 учаскелік референдум комиссияның төрағасы Омарбек Ғабдужалелұлы мен байқаушы Әбдуали Байғұлов тұр. 

– Сәлеметсіз бе! Дауыс беру қалай жүріп жатыр?

ОМАРБЕК БАТТАКОВ, №341 РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Дауыс беру жақсы өтіп жатыр деп ойлаймын. Өйткені таңға қарағанда түске қарай адамдар көбейе бастады.

- Заң бұзушылықтар тіркелмеді ме? Белсенділік қалай?

ӘБДУАЛИ БАЙҒҰЛОВ, БАЙҚАУШЫ:

Заң бұзушылықтар байқалған жоқ. Таңнан бастап белсенділік жоғары болып жатыр. Қазір түске қарай белсенділік өте жоғары болып жатыр. Ең алдымен біз ең бірінші келген адамға осы билік өкілдерімен сыйлық берген болатынбыз. Және ең кәрі кісі 88 жастағы әжеміз дауыс берген болатын. Ал  былай бәрі жақсы белсенділік өте жақсы болып жатыр осы тұста.

- Заң бұзушылық болған жоқ?

- Заң бұзушылық болған жоқ, дым болған жоқ, бәрі тәртіппен, бәрі әдемі болып жатыр

АҚБОТА БАЗАРБАЙ, ТІЛШІ:

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Учаскелерде азаматтардың дауыс беруіне барлық мүмкіндік қарастырылған.  Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың  таңдау жасауына жағдай  жасалған.   

Менде бар ақпарат осы. Студия!