$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Перзентханадағы аналар дауыс берді

15.03.2026ж. 13:00
Перзентханадағы аналар дауыс берді

Елордада жаңа босанған әйелдер де Референдумнан қалыс қалмай, дауыс беруге асық. Қалада жыл сайын шашамен 30-35 мың сәби өмірге келеді. Ал күніне 100-ге жуық бала дүние есігін ашады. Дауыс беруге асыққан аналар осы балапандардың болашағы үшін Референдумға қатысу - біздің азаматтық борышымыз - дейді.

АЙСҰЛУ ХАНГЕЛДІ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Астана қаласындағы 2-көпбейінді аурухананың перзентханасында сәбиім дүниеге келіп, екінші рет ана атанып отырмын. Бүгін үйге шығайын деп жатырмыз. Жана өзімнің дауысымды беріп үлгердім. Таңдауымды жасадым. Осындай тарихи күнге тұспа-тұс келгеніне, осындай үлкен шараға қатысып, үйіме шығып жатқаныма қуаныштымын.