$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Ауруханада ем қабылдап жатқандар да саяси науқаннан қалыс қалмады

15.03.2026ж. 13:00
Ауруханада ем қабылдап жатқандар да саяси науқаннан қалыс қалмады

Ауруханада ем қабылдап жатқандар да саяси науқаннан қалыс қалмады. Павлодар облыстық ауруханасындағы №46 референдум учаскесінде өз таңдауларын жасады. Рымжан Өтелбаеваның мұнда жатқанына 4 күн болған.  Науқас ұзақ уақыттан бері буын ауруымен ауырады. Ол сырқаттығына қарамастан, ел үшін маңызды шешім қабылдайтын кезеңде шет қалмады.

РЫМЖАН ӨТЕЛБАЕВА, ЕМДЕЛУШІ:

Мен ауырып осында жатқаныма 4 күн болды. Ауырып жүргеніме 4 жыл болды. Сол 4 жылда 6 айда бір келіп тұрам. Буын буындарым ауырады. Ауырғаныма қарамастан, осында келіп дауыс бердім.

Ал ауруханада өздігінен учаскеге келе алмайтын науқастарға арнайы жәшік жеткізілетін болады. Павлодар облысында дауыс беруге құқылы 505 мыңнан астам азамат бар. Өңірде 520 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр.

МАРЖАН НҰРКЕНОВА, №46 ЖАБЫҚ РЕФЕРЕНДУМ УЧАСКЕСІНІҢ ХАТШЫСЫ:

Егер мүмкіндіктері шектеулі адамдар болатын болса, олар үшін комиссия мүшелері керек құжаттарды алып, жылжымалы урнаны бірге алып учасковыймен бірге палаталарға барып ол кісілерден дауыстарын алатын болады.