Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты

AstanaTV
18.01.2018ж. 20:00
3638
Ақтөбе облысында автобус өртеніп, 52 адам қаза тапты

Автобуста тірідей өртеніп кеткен 52 адамның барлығы - Өзбекстан азаматы. Бұл алдын ала мәлімет. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері осылай деп отыр. Бірақ ол әлі де тексеріледі. Ажалдан аман қалған 5 адам ауруханада. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Қазір Ақтөбе облысындағы тілшіміз Жақсыбек Кемал студиямен байланыста. Жақсыбек, сөз кезегі өзіңізде.

Жақсыбек Кемал, тілші:

Рахмет, қайғылы оқиға бүгін Астана уақытымен 10 жарымдар шамасында болған. Аймақтағы атқамінерлердің барлығы аяқтан тік тұрды. Жедел штаб құрылып, жедел желі іске қосылды. Оқиға орнына полиция, құтқарушылар мен дәрігерлер дереу жеткізілді. Ал өртті сөндіруге 2 техника мен 8 адам жіберілген.

Ақтілек Кеңес, облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі:

«Бүгін таңғы сағат 10.30-да Ырғыз ауданының Самара-Шымкеннт тасжолының 1068-інші шақырымда «Икарус» автобусында өрт оқиғасы орын алып, төтенше жағдай тіркелген болатын. Алдын ала сандар байланысты 52 адам қаза тауып, 5 адам тірі қалған».

Автобус Оңтүстік Қазақстан облысынан Ресейге қарай жолға шыққан екен. Апат орны Ақтөбе қаласынан 350 шақырымға жуық. Оқиға Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде болған.

Алтынбек Сарин, Ырғыз ауылдық округінің әкімі:

«Жұмыс ітсеп жатыр қазір аудан әкімінің орынбасары бар, барлығы. Центр медицинский катастроф бар, соның мамандары қарап жатыр. Соның басында. Сол Қалыбайдың басына барып тұр. Қалыбайдан Ақтөбе бағытында он шақты километр жерде.

Мамандардың айтуынша, қаза тапқандардың денелері қатты күйген. Оларды тану мүмкін емес көрінеді. Қазір бұл іске қатысты іс қозғалған. Адам өліміне соқтыру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Мұны Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Ерболат Сарқұлов айтты. Бұл баппен жауаптылар 5 жылдан 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.

Ал, аман қалғандардың аты-жөндері анықталды. Олар қазақстандық Мақсат Пернебек, Нұржан Қырғызбаев, Барат Таңатаров. Олардың екеуі жүргізуші болса, енді бірі жолаушы көрінеді. Тағы екі жолаушы аман қалған. Олар Өзбекстан азаматтары. 

Жасқайрат Сүлейменов, Ырғыз аудандық ауруханасының бас дәрігері:

«Жағдайлары, бәрі жақсы. Үшеуінде вообще ештеңе жоқ, рана ештеңе жоқ. Екі адамда незначительный ожог бар. Біреуінде ожог тыльной поверхности правой кисти, екіншісінде ожог ладони, поверхности левой кисти».

Жақсыбек Кемал, тілші:

Апаттан аман  қалғандар кешкі мезгілде санавиациямен Ақтөбеге әкелінді. Сондай-ақ, қаза тапқандардың да денелері облыс орталығындағы мәйітханаға біраздан соң жеткізілмек. Сараптама жасалған соң, мәйіттер Өзбекстанға жіберіледі.  52 адамның өмірін қиған апатқа нақты не себеп болғаны тексерістен соң белгілі болмақ.