Шымкент қаласының тұрғындары ел өміріндегі маңызды саяси науқанға белсене атсалысты. Түске дейін-ақ дауыс берушілер қарқынды түрде таңдау жасаған. Референдум учаскелерінің сыртында әлеуметтік сауалнама жүргізген қоғамдық саясат институтының интервьюерлері халықтың көңіл-күйінің көтеріңкі болғанын айтады.
Мегаполисте 369 референдум учаскесі жұмыс істеді. Оның 24-і - жабық. 695 145 адамның дауыс беру құқығы бар. Соның 27 510 –ы алғаш рет дауыс беретіндер тізімінде. Дауыс берушілердің белсенділігі жоғары болғанын № 286 учаске маңында жұмыс істеген Экзитпол өкілі Нұркен Әбдірайым да айтады. Қоғамдық саясат институтының интервьюерлері референдум учаскелерінің сыртында азаматтардан дауыс беру аяқталғанша, яғни сағат 20.00- ге дейін сауалнама жүргізген. Әлеуметтік сауалнаманың қоғамдық пікірді анықтауда маңызы зор. Сауалнама ерікті түрде болады. Ал дауыс берушілерден алынған мәліметтер жария етілмейді.
НҰРКЕН ӘБДІРАЙЫМ, ҚОҒАМДЫҚ САЯСАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ ИНТЕРВЬЮЕРІ:
Дауыс берушілердің көңіл -күйі өте жақсы деуге болады. Көтеріңкі көңіл -күйде шығып жатыр. Олардың жүздерінен өздеріне деген сенімділік байқалады. Көп азаматтар мысалы отбасы боп келіп жатады, үлкен әже, қарт апалар, аталар да кеп жатады бұл жерде. Олардың барлығы өзінің борышы екенін сезінуде.
«Түркістан» сарайында орналасқан №231 референдум учаскесінің есігі таңғы жетіден айқара ашылған. Содан бері келушілер бір басылған жоқ. Мұнда 2 057 дауыс беруші тіркелген. Олардың арасында 1 адам ғана 18 жасқа толып, алғаш дауыс беруге келсе, басым бөлігі 30-50 жас аралығындағылар. Саяси маңызды шешім қабылдайтын науқаннан зейнеткерлер де қалыс қалмай, отбасымен келіп таңдау жасады.
ӘБИЛЯ КӨЗДІБАЙҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Отбасыммен осы саяси науқан күнінде бей жай қарамай, лайықты сезіммен, лайықты өзімнің отаныма, мемлекетке қажетті құжат таңдауын табу керек деген таза адал оймен келіп тұрмын. Таңдауымды жасадым.+көңіл-күйім керемет.
ҚУАТ ТӘУКЕЕВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Бүгінгі 15-наурыз референдум күні біз үшін өте маңызды. Мен үшін өте маңызды. Ертеңгі болашағымыз үшін маңызды. Сол үшін мен өз таңдауымды жасадым.
Шымкентте жүз жасаған 12 қария бар. Солардың бірі - 70 жылға жуық білім саласына еңбек сіңіріп, ұстаздық еткен Қапира Сәдуақасқызы. Тарихшы қарт ұстаз Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде 49 жыл еңбек еткен. 96 жасына дейін дәріс берген. Саяси науқандардан ешқашан қалыс қалмайтын кейуана бұл жолы да өз таңдауын жасады.
Мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдер қабылданатын сәтте әрбір азаматтың белсенділігі аса маңызды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар да азаматтық ұстанымын кедергісіз білдірді. Оларға қала бойынша 66 судоаудармашы және 45 инвотакси қызмет көрсетті.