$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Республикалық референдумға дайындық өте жоғары деңгейде",-халықаралық бақылаушы

"Республикалық референдумға дайындық өте жоғары деңгейде",-халықаралық бақылаушы

Республикалық референдумға дайындық өте жоғары деңгейде. Халықаралық бақылаушылар осылай дейді. Елімізге Орталық Референдум Комиссиясының шақыруымен Албаниядан бір топ бақылаушы келген. Оларды  мемлекеттік комиссар Илирджан Челибаши басқарады. Халықаралық делегация мүшелері елордалық №119 мектептегі 98 және 99-ы референдум учаскелерінің жұмысымен танысты. Албаниялық мамандар референдумның өту барысы, бюллетень беру тәртібі мен дауыс берушілер үшін жасалған жағдайға ерекше мән берді. Делегация мүшелерінің айтуынша, дауыс беру қаншалықты ашық өтіп жатқаны, заңдылық пен тәртіптің сақталуы және демократиялық процесстерге сәйкестігі жайлы мәлімет жинаған. Албаниялық маман өзінің обьективті бағасымен журналистермен де бөлісті.

ИЛИРДЖАН ЧЕЛИБАШИ, АЛБАНИЯ МЕМЛЕКЕТТІК САЙЛАУ КОМИССАРЫ:

Дайындық деңгейі өте жақсы. Барлығы тиісті дәрежеде өтіп жатыр. Біз комиссия төрағасымен сөйлесіп, жұмыс барысы туралы толық мәлімет алдық. Референдум – демократиялық стандарттарды ілгерілету бағытындағы маңызды қадам. Әлбетте, бұл мәселеде әр елдің өз ерекшеліктері болады. Осы саяси науқан Қазақстанның дамуына ықпал етеді деп үміттенемін.