$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Досхан Жолжақсынов: «Ата заңның жаңғыруы - заман талабы

AstanaTV
16.03.2026ж. 00:00
Досхан Жолжақсынов: «Ата заңның жаңғыруы - заман талабы

Елдің болашағы мен саяси бағыты айқындалатын маңызды сәтте зиялы қауым өкілдері де белсенділік танытуда. Солардың қатарында қазақ өнері мен мәдениетіне еңбегі сіңген тұлғалар, ерлі-зайыпты Досхан Жолжақсынов пен Қарагөз Сүлейменова бар. Қазақстанның Халық әртісі мен еліміздің еңбек сіңірген қайраткері сайлау учаскесіне бірге келіп, өз азаматтық таңдауларын жасады. Өнер иелері саяси науқанның маңыздылығына тоқталып, мемлекеттік реформалардың қоғамдық сұранысқа сай келуі тиіс екенін атап өтті.

ДОСХАН ЖОЛЖАҚСЫНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Мемлекетіміз ұлттың рухани саяси әлеуметтік таразысына ұсынып отыр. Бүгінгі ата заңның әрине ерекшелігі замануилығында болуы керек деп ойлаймын. Заманның өзгерісі осы заңдардың шығуына үлкен септігін тигізіп отыр.

ҚАРАГӨЗ СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Әрине бұл біздің қоғамымыз үшін қажет нәрсе, себебі қоғам бір орынында тұрған жоқ, әлем бір орында тұрған жоқ. Осыған байланысты  біздің конституциямыз да біраз өзгерістерге ие болып жатыр.