Бокстан Олимпиада чемпионы Ермахан Ибраимов Алматыдағы дауыс беру учаскелерінің біріне отбасымен бірге келіп, өз таңдауын жасады. Мұндай шараларға қатысу – азаматтық жауапкершіліктің маңызды бөлігі дейді спортшы.
Қалада бүгін түрлі бағдарламалар ұйымдастырылған. Дәл осы учаскеде яғни, мемлекеттік қуыршақ театрында балаларға арналған концерт өтіп, оларға тәттілер таратылды.
ЕРМАХАН ИБРАИМОВ, БОКСТАН ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ:
Әрбір азаматтың дауысы- өте маңызды. Бүгін мен отбасыммен келіп отырмын дауыс беруге. Бәріміз дауыс бердік, өзіміздің азаматтық ұстанымымызды білдірдік. Жаңа Конституциядан ел болашағы үшін өте маңызды түрде алға қарай дамуды күтемін.
Театр және кино актрисасы Зарина Кармен де бүгін дауыс берді. Танымал актриса Алматыдағы Жоғары Медициналық колледжіндегі №537-ші референдум учаскесіне тіркелген. Өнер иесі бұл күнді асыға күткенін және мұндай маңызды өзгерістерге бейжай қарамау қажет екенін айтты.
ЗАРИНА КАРМЕН, ТЕАТР ЖӘНЕ КИНО АКТРИСАСЫ, "ҚҰРМЕТ" ОРДЕНІНІҢ ИЕГЕРІ:
Жалпы менің ойланатын нәрсем ана ретінде қыздарымның болашағы бар, елімнің болашағы деген сияқты, сол болашаққа өзіңнің үлесіңді қосу әрбір азаматтың міндеті. Адам ең бастысы өзінің шешімінен бастау керек деп ойлаймын. Сол үшін бүкіл жағдай жасалынған. Мен де бүгін өз шешімімді жасадым.